Владимир Кимнің байлығы мыс бағасының өсуіне байланысты 8 миллиард доллардан асты

Лондон металдар биржасында 23 желтоқсандағы сауда барысында мыс бағасы бір сәтте тоннасына 12 058 долларға дейін көтеріліп, тарихтағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Ал кәсіпкер Владимир Кимнің жиынтық байлығы 8,1 миллиард доллар болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қыркүйек айында Владимир Кимнің байлығы 7,94 миллиард доллар деңгейінде болған. Bloomberg басылымының әлемдегі ең бай 500 адам тізімінде қазақстандықтардан Владимир Ким ғана бар. Бұл тізімде ең төменгі 500-орында британиялық кәсіпкер Лоренс Графф (Laurence Graff) тұр. Ол тұтыну тауарлары саласында жұмыс істейді. Байлығы 7,32 миллиард доллар деп бағаланған.
Фото: kursiv.kz
Қазақстандық Forbes журналының дерегінше, 2025 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша Владимир Кимнің байлығы 5,7 миллиард доллар болды. Ал Forbes-тің жаһандық онлайн нұсқасында ол 5,6 миллиард доллармен 706-орынға жайғасқан.
Владимир Ким KAZ Minerals Ltd. компаниясының 63,5%-ын, ал Kazakhmys Holding Limited құрамындағы үлестің 70%-ын иеленеді. Сондай-ақ кәсіпкерге RBK банкінің 89,79 пайызы тиесілі.
"Қазақмыстың" Жомарт кенішіндегі апатына жұмыс беруші кінәлі екені анықталды
Forbes тізімінің қазақстандық нұсқасы:
- Вячеслав Ким - 7,1 миллиард доллар;
- Тимур Турлов - 5,8 миллиард доллар;
- Владимир Ким - 5,7 миллиард доллар;
- Тимур Құлыбаев мен жары Динара Құлыбаева - 5,3 миллиард доллар;
- Болат Өтемұратов - 3,7 миллиард доллар;
- Ибрагимовтер отбасы - 2,06 миллиард доллар;
- Нұрлан Смағұлов - 0,99 миллиард доллар;
- Сәрсеновтар отбасы - 0,98 миллиард доллар;
- Айдын Рақымбаев - 0,967 миллиард доллар.
Айта кетейік, бұған дейін Владимир Ким мен Эдуард Огай Қазақмыс компаниясын жаңа акционерге сатуға келіскені туралы жазған едік.
Супермаркеттер желісі қазақстандық өндірістің макарон өнімдерін сөрелеріне қоюдан бас тартты