Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Визасыз тәртіп енгізілгеніне қарамастан, екі отандасымыз Дубайға жете алмай қалды

Мәскеудегі «Домодедово» әуежайында визасыз жүрген екі қазақстандық Дубайға ұша алмай қалды. Айта кетейік, Қазақстан мен БАӘ азаматтары екі ел арасында визасыз жүре алатыны туралы келісім жасалған болатын. Алайда Мәскеу әуежайында қазақстандық ерлі-зайыптылар визасыз жүргені үшін Дубайға шыға алмай қалды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«Менің атым Мәлік. Біз жұбайым Индира екеуміз Самарадан Мәскеуге келіп, Ресей астанасы арқылы Дубайға кетпекші болдық. Алайда біз ұшатын Emirates Airlines әуекомпаниясы әйелім екеуімізді ұшаққа кіргізбей, рейстен алып тастады. Ұшу 10 наурызда сағат 17.10-да болуы керек еді. Содан Дубайдың көші-қон қызметіне хабарласып едік, олар Қазақстан азаматтары БАӘ визасыз кіре алмайтынын айтты», – деді ер адам.

Кейін қазақстандық ерлі-зайыптылар басқа рейс арқылы кетпекші болғанда да, оларға БАӘ қазақстандықтарды визасыз қабылдамайтынын хабарлаған.

Дубайдың көші-қон қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгіннен бастап барлық әуекомпаниялар мен Амер көші-қон орталығына Қазақстан азаматтары БАӘ визасыз шыға алатыны туралы ескертіліпті.

Жіберіп алмаңыз:

Өзбекстанда тойдағы ысырапшылдыққа заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін

Танымал актриса сүйіктісі үшін ислам дінін қабылдап, тұрмысқа шықты

Өзбек имамы: Жыныстық қатынас кезінде түрік сериалдарындағы актерлерді ойлайтын әйелдерден гей балалар туады

Бойжеткеннен кездесуге жұмсаған ақшасын қайтаруын талап еткен жігіт күлкіге қалды

Талқылау