Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткеннен кездесуге жұмсаған ақшасын қайтаруын талап еткен жігіт күлкіге қалды

Ұлыбританияда ер адам қызбен кездескеннен кейін оны ұнатпай қалып, кездесуге жұмсаған ақшасын қайтарып беруін талап еткен, деп хабарлайды Stan.kz.

Бойжеткен ақшасын талап еткен жігіттің хатын Reddit сайтында жариялаған.

Ер адам бойжеткенмен кездескеннен кейін оған көңілінен шықпағанын айтқан. Сонымен қатар кездесуге жұмсаған ақшасын қайтаруын талап етіп, ақша аударуы үшін банк картасының нөмірін жазып жіберіпті.

«Мен сенің сусыныңа 8,30 фунт (3680 теңгеден аса) төледім. Сен кәдімгі ішімдік ішеді екен деп ойладым. Өзіме алған ішімдік үшін 1,75 фунт (770 теңгеден аса), ал сенікіне 8,30 фунт төледім. Бұл тым көп. Оның үстіне сен алғашқы кездесуде үлкен шөлмектегі ішімдікті ішіп қойдың. Оның ақшасын мен төледім. Өтінемін, ақшамды қайтаршы. Мен өтемақы ретінде 8,30 фунт талап етемін», – деп жазды ол хатта.

Мұнан кейін бойжеткен хаттың суретін жариялады.

«Қызық, ол мені сотқа бере ме екен?» – деп жазды бойжеткен.

Өз кезегінде желі қолданушылары жігіттің хатын оқып, күлкіге қарық болды. Кейбірі жігітті «айлакер кәсіпкер» деп те атады.

Оқи отырыңыз:

Ресейде анасы 9 айлық сәбиін тұншықтырып өлтіріп, денесін қоқысқа лақтырып тастаған

Үндістанда қабылан қаланың қақ ортасында адамдарға тап берді (видео)

Instagram жұлдызы болғысы келген бойжеткен 10 мың долларға қарызданып қалды

Жағажайдан табылған «құбыжық балық» жұртты шошытты (фото)

Талқылау