Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде анасы 9 айлық сәбиін тұншықтырып өлтіріп, денесін қоқысқа лақтырып тастаған

Ресейдің Волгоград облысының тұрғыны өзінің 9 айлық сәбиін өлтірді деп күдіктеліп отыр, деп хабарлайды Ресейдің Тергеу комитетіне сілтеме жасап Stan.kz.

«Фролово қаласының 26 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол өзінің 9 айлық баласын өлтірді деп күдіктеліп отыр», – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Тергеу нұсқасы бойынша, әйел 1 наурызда 9 айлық сәбиімен бірге Волгоградқа кеткен. Ол жақта әйел жалдамалы пәтер жалдап, 3 күннен кейін баласын тұншықтырып өлтірген. Мұнан кейін ол баласының денесін қоқыс жәшігіне лақтырып, басқа қалаға кетіп қалады.

Күдіктінің анасы немересінің жоғалып кеткенін полицияға хабарлағаннан кейін тәртіп сақшылары аталған қылмыстың бетін ашқан. Әйелдің тұлғасы анықталды. Ол өз баласын өлтіргенін мойындады.

Қазіргі уақытта полицейлер сәбидің денесін іздестіріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Үндістанда қабылан қаланың қақ ортасында адамдарға тап берді (видео)

Instagram жұлдызы болғысы келген бойжеткен 10 мың долларға қарызданып қалды

Жағажайдан табылған «құбыжық балық» жұртты шошытты (фото)

Бақытты болашақ үшін кемшіліктерінен арылып, адам танымастай өзгерген жандар (фото)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр