Vivobook S 15 OLED: Сіздің оқудағы көмекшіңіз
ASUS Vivobook бірнеше жыл қатарынан жастардың үздік таңдауына айналып келеді. Оның танымалдығы студенттер мен оқушылар арасында да жыл сайын өсуде. Топтаманың жаңарған модельдері үздік сыйлықтар қатарында тұрады. Stan.kz тілшісі ASUS компаниясының 2023 жылғы су жаңа Vivobook S 15 OLED ноутбугін сынақтан өткізіп, ойын-сауық пен білім алу кезіндегі оның артықшылықтары туралы баяндайды.
Ерекше сәнді
Vivobook топтамасындағы өзге де лаптоптар секілді S 15 OLED-тің де сыртқы дизайнына назар аудару керек. Біріншіден, мінезіңізді танытатын төрт түсті үлгіге қараңыз: суық түсті Midnight Black, жұмсақ түске ие Cool Silver, ерекше Solar Blue, жарқыраған Cream White.
Алғаш рет ноутбукті қорабынан шығарған кезде көзге түсетіні – экран сыртындағы компания логотипі бедерленген рельефті сызық. Экранды ашқан кезде ең алдымен Enter және ESC батырмаларына көзіңіз түседі. Enter батырмасы айрықша сызықшалармен ерекшеленсе, ESC батырмасы қызғылт-сары түске боялған. Лаптопты үстел үстінде 180 градусқа дейін ашып көрсеңіз болады.
Жастық шақта біз денсаулыққа мән беруді ұмытып кетеміз. Ал ASUS инженерлері бұл мәселені толықтай біз үшін шешіп қойды. Себебі ноутбуктің адам жиі қолданатын тұстарына, яғни пернетақта мен сенсорлық панельге микробқа қарсы ASUS Antimicrobial Technology қабаты орналастырылған. Ал көз жанарымызға күш түсірмес үшін ноутбук экраны айналадағы жарыққа бейімделіп, автоматты түрде өзгереді. Цифрлар панелі жаңарып, өшіріп-қосу батырмасы ыңғайлы жерге ауысқан. Негізгі пернетақтадағы delete батырмасының тұсына саусақ ізін танитын авторизациялық жүйе орнатылған.
Өзіңмен алып жүруге болады
Әдетте студенттер жұмысты бір жерде отырып істемейді. Vivobook S 15 осы еркін өмір сүру ырғағына сай келеді. Ол әрдайым жаныңнан табылады: оқу орнында, үйде, тіпті қоғамдық көлікте. Тіпті сабаққа асығып бара жатып, қоғамдық көлікте тапсырма орындауға болады. Себебі Vivobook S 15 OLED салмағы небәрі 1,7 килограмм, ал қалыңдығы 17,9 миллиметр, яғни өзіңмен көтеріп алып жүруге, кез келген жерде қосып, жұмыс істеуге ыңғайлы. 180 градусқа дейін ашылатын экран кез келген орында тұрып, отырып, тіпті жатып жұмыс істеуге де мүмкіндік береді. Оның аса жеңіл әрі басуға ыңғайлы батырмалары артық дыбыс шығармайды, сондықтан айналаңыздағы адамдардың мазасын алмайсыз.
Қуатты
Студенттер үшін ноутбук жеңіл әрі мықты болғанынан бөлек, тез қуат алып, оның ұзақ уақытқа жеткені маңызды. Vivobook S 15 OLED батареяның ұзақ уақытқа жетуі және аз уақыт ішінде қуат алып шығуы Intel Evo стандартына толықтай сәйкес келеді.
ASUS ноутбугімен 9 сағат бойы қуаттамай тоқтаусыз жұмыс істеуге болады. Себебі ол жоғары деңгейдегі 75 Ватт аккумуляторымен қамтылған. Ал егер лаптопты қуаттауды ұмытып кетіп, онымен шұғыл түрде жұмыс істеуіңіз керек болса, қам жемеңіз. Себебі ол 49 минут ішінде 0-ден 60%-ға дейін жедел қуат алады.
Сенімді серік
Күндіз-түні сабақ оқып, үздіктер қатарына қосылу да әрбір шәкірт үшін маңызды. Vivobook S 15 ноутбугінде ASUS Lumina OLED инновациялық технологиясымен жасалған 15 дюймдік кең бұрыштық OLED дисплейі орналасқан. Ол экрандағы мазмұнның өзгеруіне қарай, түстерді бейімдеп, бейнені айқын әрі қанық жеткізіп, визуалды жағынан сізге жаңа тәжірибелер сыйлайды. Vivobook S 15 OLED дисплейі пайдаланушының жоғары талабы мен талғамына сәйкес келеді: 2,8 К кеңдігі, 16:9 өзара арақатынасы, 120 Гц жаңарту жиілігі және басқару кезінде әрбір қимылға жауап беру жылдамдығы 0,2 мс. Сонымен қатар көгілдір жарықтың сәулеленуінің төмендеуіне байланысты көз жанарына қауіпсіз.
Лаптопта презентацияларды сәтті көрсету үшін интерфейс комплектісі қарастырылған. Олардың ішінде Thunderbolt 4, HDMI 1.4 және USB 3.2 Gen1 Type-A (5 Гбит/с) бар. Сабақта барлық тапсырмаларды орындау үшін Windows 11 PRO бағдарлама жиынтығы орнатылған.
Онлайн-сабақ кезінде де ноутбукке толықтай сенім артуға болады. Себебі сапалы видео-байланыс үшін артық FHD-камерасы бар. Ол айналадағы артық дыбыстарды бәсеңдетеді. Интеллектуалды дауыс күшейткіш дауысыңызды анық естіртіп, Dolby Atmos жүйесі аудиоэффектілер қосады.
Үздіксіз жұмыс істеу
Студенттер бос уақытта ойын ойнап, фильм тамашалайды, яғни уақытының барлығын осы лаптоптың алдында өткізеді. Жаңа ноутбуктың процессорына назар аударар болсақ, 14 ядролық Intel Core i9-13900H процессорымен жабдықталғанын көруге болады. Өзінің кішкене корпусына сай, процессор 45Вт ASUS IceCool термопакеті жүйесімен орнатылған. Ноутбуктың өнімділігі алдыңғы жылдардағы модельдерімен салыстырғанда 3 есе жоғары.
Қосымша қуаныш сыйлайды
Жаңа лаптопта сіздің көңіліңізден шығатын бірнеше бағдарлама бар. MyASUS қосымшасына кіріп, түзетулер енгізіп, жұмыс істеу жүйесін қалпына келтіруге болады. Қосымша арқылы ASUS компаниясының техникалық жәрдем бөлімімен байланыса аласыз. GlideX қосымшасы экранды кеңейтіп, жұмыс пен сабақ орындау аумағын арттыруға және сыммен немесе сымсыз байланыс арқылы ұялы гаджеттеріңізбен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Қорыта келе айтарымыз, Vivobook S 15 OLED – өзіңмен бірге алып жүруге жеңіл және студенттер мен оқушыларға арналған мінсіз ноутбук. Сәнді дизайны көз сүйсіндіретін ноутбук ұзақ уақыт жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
ASUS оқуға арналған тағы екі жаңа ноутбук ұсынады:
- ASUS Zenbook 14 OLED – 14 дюймдік OLED экраны және 2880x1800 пиксель кеңдігі бар жұқа және жеңіл премиум ультрабук. Батарея 18 сағатқа дейін қызмет етеді, Intel Core заманауи 13-ші буын процессоры қойылған ультрабук үнесі қозғалыста жүретін адамға арналған.
- ASUS Vivobook 16 (M1605) — 16 дюймдік Lumina OLED бірегей дисплейі бар. AMD Radeon 7000 сериялы процессорымен жабдықталған. Эргономикалық толық өлшемді пернетақта, веб-камера, қашықтықтан оқуға арналған әрі шуды болдырмайтын микрофондар жиынтығы, бактерияға қарсы беткі қабаты бар ноутбук тек оқуға емес, ойын ойнауға да таптырмайтын гаджет.