"Ауру енді арамыздан кетпейді": Қазақстандық вирусологтар 2021 жылға болжам жасады

Қазіргі таңда әлем елдерінің бәрі коронавирусты ауыздықтайтын вакцина әзірлеу үшін тынбай еңбек етуде. Оның қатарында Қазақстан да бар. Келесі аптандан бастап шығатын отандық вакцина өзімізге ғана емес, экспортқа да шығарылады. Дегенмен Австрия ғалымдары жарт жұртқа жаппай вакцина беру келер жылы коронавирустан құтылуға көмектеспейтінін айтты. Бұл туралы Qazaqstan арнасындағы "Мәселе" бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Отандық ғалымдардың жасаған екі вакцинасы озық әрі перспективасы үлкен биопрепараттар қатарына кірген. Қазір клиникалық тексерістің соңғы сатысында. 

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресте отандық вакцинаға басымдық беру керек екенін айтқан.

"Үкіметтің алдында тұрған үлкен міндет – отандық вакцинаны ешбір кедергісіз өндіріске енгізу. Уақытша тіркеу тәртібін жеңілдетіп, вакцинаның тәжірибелік-өнеркәсіп және өнеркәсіп өндірісіне арналған зауыт құрылысын аяқтау қажет. Мен Ресей президентімен ресейлік вакцина өндірісі зауытының құрылысы бойынша келісімге келдім. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық бағыттары бойынша жұмысты жалғастыру маңызды. Мұндай шараларды дамыған мемлекеттердің бәрі қабылдап жатыр", - деді мемлекет басшысы.

"Вакцинаның көлемі көп болатын болса, оны экспортқа да шығаруға мүмкіндік болады деп айтып жатыр. Уақыт келе бәрін көреміз. Үмітіміз үзілмейді. Әрине, вакцина жөнінде айтылатын сын да бар. Дәл қазіргі пандемия кезінде вакцина бізді қалыпты өмірге алып келетін бірден бір мүмкіндік болып тұр ғой", - деді Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасы  нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мыңжылқы Бердіқожаев.

Екпе әуелде ауруды жұқтыру қаупі жоғары тобы, яғни дәрігерлер, педагогтар, ішкі істер құрылымдардың қызметкерлеріне салынады. Ал келесі жылдың  соңына дейін 2 млн дана отандық вакцинаның алғашқы партиясы шығарылмақ. 

"Осы вакцина мәселесі қозғалған кезде сұрап жатыр: "Бәрімізді міндеттеп сала ма", - дейді. Міндеттемейді. Ерікті вакцина болады. Ерікті болғаннан кейін жас ерекшелігіне байланысты, қауіптілігіне байланысты мемлекеттен тегін салынады. Енді қалғандарына жұмыс жасындағыларға ерікті түрде, ақылы салыну керек", - деді  "Qmed" инновациялық медицина палатасының президенті Әкім Тұрсын.

Ғабит Нұрханұлы Германияның бірегей емханаларында бір жарым жылға жуық жұмыс істеген білікті реаниматолог. Кесел келгелі қауіптің алғы шебінде жүрген оны да қолқалап өздеріне шақырғандар көп екен. Алайда шекара асу әзірге жоспарында жоқ. Сөзінше, әріптестерінің дені шетел шақыртуынан бас тартпай, сыртқа қарай ағылуда-мыс. 

"Тіл білгендері Оңтүстік кореяға, Жапонияның өзіне бізден дәрігерлер алып жатыр. Германияға күніне қаншама дәрігерлер кетеді. Тіл білмегендері қасымыздағы Ресейде, дәрігерлердің айлықтары бізден 200-150 мыңға көбірек төлейді. Сол себепті  солар Ресейге кетіп жатыр. Көп мемлекеттер дәрігерлердің жағдайын жасап отыр. Айлықтарын көтерді, шетелден келетін дәрігерлердің емтихан сұрақтарын қысқартты. Виза алу мерзімдерін өте қысқартты. Екі күнде алуға болады. Сол сияқты біраз жеңілдіктер бар", - деді реаниматолог Ғабит Нұрханұлы.

Жұрттың жүрегін ұшырған құс, шошқа тұмауы сынды жұқпалы індеттің емі табылып, қазір олар жыл сайын қайлатанатын маусымдық ауруларға айналды. Мамандар көптің үрейін алған бұл вирус та уақыт өте келе тұмау сынды жеңіл өтетін сырқаттың бірі болып қалуы мүмкін екенін айтады.

 "Басында айттық қой 2-3 жыл деп. Бұл вирус енді арамыздан кетпейді. Бірақ кішкене мутацияға ұшырап келеді. Тұмаудың вирусы секілді ауырып қапты  десе тұмау, не суық тиді дейтн едік қой. Алдағы уақытта айтуымыз мүмкін. Тұмау ма, суық па, корона ма, бір бәле деп айтуымыз мүмкін", - деді  "Qmed" инновациялық медицина палатасының президенті Әкім Тұрсын.

Дегенмен арқаны кеңге салуға әлі де ерте. Әрбір ел қатаң тәртіпке көшіп, қауіпсіздік қағидаларын қаперде ұстау керек екенін ұғынып келеді. 

"Сарапшылардың айтуы бойынша вакцинация жаппай жасалатын болса, алдағы көктемде біз карантин режимінен шығуға мүмкіндігіміз болады. Әрине, вакцина салдырға нелдер сырттан келетін кісілерге вакцинасыз кіруге тыйым салатын бір талаптар болуы мүмкін. Сондықтан өмірдің жаңа ережелеріне дайын болуымыз керек", - деді Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасы  нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мыңжылқы Бердіқожаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр