Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вирус жұқтырған: Астанада Түркиядан әкелінген 15 мың дана гүл өртелді

Астанада Түркиядан әкелінген 15 мың дана гүл өртелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, гүлдер мәдени өсімдіктердің қауіпті зиянкестерінің бірі, өсімдіктердің вирустық ауруларының тасымалдаушысы батыс гүл трипсімен зақымдалған болып шыққан.


Дәрігер кондиционердегі түрлі инфекция мен вирустың адамға қалай әсер ететінін айтты


"Астана халықаралық әуежайында карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің инспекторлары Түркиядан келген батыс гүл трипсін жұқтырған 15 000 гүлді тәркіледі, сот шешімі бойынша гүл партиясы өртеу арқылы жойылды", – делінген министрлік хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Ресейден Қазақстанға әкелінген қызанақ дәндерінен қауіпті вирус анықталғаны туралы жазған едік. 

Талқылау