Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Вирус тарайды": Шымкенттіктер стадион орнына емхана салуға қарсы шықты

Шымкентте тұрғындар мен шенеуніктер стадион үшін жаға жыртысуға дейін барды. Оған себеп, Қызылжар шағын ауданында орналасқан спорттық алаң орнына емхана салу жоспарланыпты. Ал жергілікті халық болса, 60 жылдық тарихы бар стадионды жекенің қолына бере салуға қарсы. Бұл жерге емхана түсетін болса, жақын маңда орналасқан үйдің тұрғындарына вирус тарайма деп қорқатындарын жасырмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеп хабарлайды.

Шымкент

"Абай ауданы бойынша екі екі алаң бар. Анау металург оны жекеге сатып жіберді, оған бару үшін ақша төлеу керек. Мына жер тегін. Салынатын аурухана сіздердің игіліктеріңіз үшін. Бізге керек емес" , - дейді ашулы тұрғынның бірі. 

Тұрғындар аумағы 3 гектарға жуық стадиондарын ешкімге бергісі келмейді. Себебі дәл осы спорт алаңында бас-аяғы 300-ге жуық жасөспірім тегін жаттығып, тіпті алды республикалық және азиялық жарыстарда топ жарып жүр екен. Бірақ стадион орнына мемлекеттік емхана салынатын естіген жергілікті жұрттан маза қашып, дүрбелеңге түскен.

"Біз өзіміз футбол ойнап, барлығымыз осы жерде өскенбіз. Бұл стадионнан басқа стадион жоқ. Бұл жерге егер де емхана салатын болса, бұл жерде қаншама вирус тарайды. Халықтың үйлері жақын. Не үшін алаңды жоқ қылып, олар емхана салмаұшы", - деді қала тұрғыны Сұлтанбек Садықов. 

Мән-жайды түсіндіруге келген аудандық шенеуніктердің әңгімесіне құлақ аспаған тұрғындар қарсылықтарын айтып, айқай шуға баса жөнелді. Әкімдіктегілердің айтуынша, індет күшейіп кетсе, дәл осы шағын аудандағы ескі емхана науқастарды қабылдауға жарамсыз күйде екен. Сол себептен, жеке инвестор есебінен замануи емдеу мекемесін салуды жоспарлаған көрінеді.

"Тұрғындарға спорт алаңы өте керек. Ол жерде айтылған екі-үш жерде бос жерлер бар. Сол бос жерлерге спорт алаңын жеке инвестор есебінен салып береміз деп айтқанбыз. Енді ол жерде ескі аурухана орны бар 1 гектар жер. Сонымен қатар, әуежай алдында 2 гектар жер бар. Ол жеке кәсіпкердің жері. Бірақ кәсіпкер ол жерді беруге дайын тұр. Бірақ енді тұрғындар ол жерге келісім бермей отыр", - деді Абай ауданы әкімі Бұхарбай Парманов. 

Аудан әкімі мен тиісті басқарма басшылары халықпен түсіндірме жұмыстары жүргізілетін жеткізсе, ал тұрғындар өз тарапынан қол жинап президентке дейін шағымдануды жоспарлап отыр. Тіпті, стадионда емхананың құрылыс жұмыстары басталатын болса, күндіз-түні спорт алаңында қонуға дайын екендерін жеткізді.


Шымкентте тұрғындар митингіге шығып, шағымдарын айтты

Дидар Халық
Жұма, 23 Сәуір, 2021 10:53
Талқылау