Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Винтовка мен мылтық бар": Айқын Төлепберген сүйікті ісі туралы айтып берді (видео)

Танымал әнші Айқын Төлепберген сүйікті ісі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Винтовка мен мылтық бар: Айқын Төлепберген сүйікті ісі туралы айтып берді (видео)

Өнер иесі мылтықпен түскен суретін желідегі парақшасына жүктеп жазба қалдырған. Оқ атып, суық қару ұстағанды жақсы көретінін жеткізді өнер иесі. Бірнеше мәрте оқ атып, өзінің мергендігін көрсетті ол. Артынша, қару жинағанды жақсы көретінін де айтып берген.  

"Оқ ататын қаруды қатты жақсы көремін. Тіпті мылтық пен винтовка бар. Енді оларды сақтау үшін рұқсат алу ғана қалды. 2 оқпен 2 диск аттым. Бір сөзбен айтқанда, мықты демалыс болды", - дейді Айқын Төлепберген.

Әншінің ерекше қызығушылығын көріп, оқ ату өнеріне тәнті болған жұрт пікірлерін ортаға салған. Жағымды пікірлердің көп болғанына қарағанда оларға Айқын Төлепбергеннің нысанаға тура тигені ұнап қалған сыңайлы. 

"Мақтанбаңыз енді", "Керемет, менің ұлым да қатты қызығады", "Өте қауіпті ғой", "Бұл қарудың аты қандай?", "Жарайсың", "Мықты, мен де ататын едім", "Дөп тигізді", - десті жұрт.

Талқылау