Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"VII ғасырда жасалған": Белгілі академик Димаш Құдайбергенге құнды жәдігердің көшірмесін сыйлады

Белгілі академик Дархан Қыдырәлі әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенге көне қобыздың көшірмесін сыйға тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі dimashnews порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/darhanqydyrali/

Академиктің айтуынша, V-VII ғасырда жасалған аспап 2014 жылы экпедиция кезінде табылған. 2014 жылы жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижесінде – ең көне қобыз Алтай тауындағы қазіргі Берелі аймағында, Қарақаба үстіртінде табылған. II-VII ғасырларға тән бұл аймақтар – ата-бабаларымыздан қалған мұраларымызды танып-білуге негіз болған мәдени-тарихи жер. Қобыздың бір данасы Димаш Құдайбергенге сыйға тартылса, екінші данасы болашақ ұрпаққа сақтау үшін мұражайда қойылған. 



“Экспедиция кезінде табылған қобыз – бүгінге дейін табылған мұралардың ішіндегі ең көнесі және бірегейі. Ол қазақтың ғана емес, бүкіл көшпелі халықтардың ұлттық аспабы. Осының бәрін ескере келе, біз бұл қобызды ата-бабамыздан қалған қасиетті мұра ретінде шығармашылық жолы табысты, баянды болсын деген ізгі ниетпен Димашқа беруді жөн көрдік, – дейді Дархан Қыдырәлі. 

Еске салайық, Ақтөбе жұрты жол жөндету үшін Димаш Құдайбергенді үйлеріне тіркеуге дайын екенін айтқан еді. 

Талқылау