Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ВИЧ жұқтырған кеншілер: Теңізде тексеру жұмыстары жүргізілмек

Атырау облысында Теңіз кен орнында мұнайшылардың ВИЧ (АИТВ) жұқтырғанына байланысты тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

вич

Атырау облысында Теңіз кен орнында жұмыс істейтін оралдық екі қызметкер ВИЧ (АИТВ) жұқтырған. Мұнайшылардың қауіпті инфекцияны қайда және қалай жұқтырғаны әлі белгісіз. Жергілікті дәрігерлер инфекцияның кімнен таралғаны мен орнын анықтауға тырысуда.

«Бұл фактілерге байланысты эпидемиологиялық тексеру жүргізілетін болады. Кейіннен Теңізде жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне тексеру жүргіземіз. Сондай-ақ, аймақтағы профилактикалық жұмыстарды күшейтеміз», – дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиева.

Жалпы, Атырау облысында 210 тұрғынға иммунтапшылығынан пайда болған вирус диагнозы қойылған. Сондай-ақ, облыста қасақана жұқтыруға байланысты тергеу жұмысы жүріп жатыр. Тергеу изоляторына үш тұрғынға ВИЧ жұқтырған шетел азаматы жеткізілді. 

Айта кетсек, Атырауда төрт мұнайшы ВИЧ ауруын жұқтырған.

Талқылау