ВИЧ-ті толық емдеу мүмкін болды: Ғалымдар жаңа препарат жасап шығарды
Ресей ғалымдары жасап шығарған АИТВ-ға қарсы жаңа препарат вакцина тәрізді. Ол адамның иммун тапшылығы вирусын толығымен емдей алады. Бұл туралы Федералды медициналық-биологиялық агенттіктің постгеномдық технологиялар орталығының жетекшісі Герман Шипулин айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі RG-ге сілтеме жасай отырып.
Ғалым ешкім әлі АИТВ-ға қарсы вакцина жасай алмағанын айтты.
"АИТВ антиденелерге қарағанда тезірек қозғалады, адам ағзасы оны бақылап үлгермейді", – деді Шипулин.
Алайда оның айтуынша, антиденелердің тиімділігін жасанды түрде басқаруға болады. Ресейлік препарат осыған негізделген.
"Оның әсер ету процесіне келсек, ағза тиімділігі басым антиденелермен толтырылады, яғни вирустың барлық түрін жеңу үшін вирустың бірнеше түрі араласады. Антиденелердің арасында инфекцияланған АИТВ жасушаларын жоятындар да бар. Егер бұл антиденелер жасушалардың бөлінуін бір уақытта жасаса, онда АИТВ-ны толық емдеуге болады", – дейді маман.
Талқылау

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимова Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"