Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вице-министр "қолдан жасалған" тыныс алу аппаратына қатысты түсініктеме берді

Денсаулық сақтау министрлігінде қолдан жасалған өкпені жасанды желдету аппартынан дем алып, қиналып жатқан ер адам түскен видеоға түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ажар Гиният

"Менің ойымша, бұл Бобров аппараты, ол оттегіні алу үшін, көрінісі сондай, бұл оксигентерапия деп аталады. Төмен сатурациясы бар ауыр емес науқастарға оттегімен қанықтыру үшін оттегіні баллон арқылы ұсынамыз, Бобров аппараты арқылы өткіземіз, бұл ылғалданған оттегі. Видеодағы осы аппарат деп ойлаймын", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде. 

Оның айтуынша, бәрі мұны қолдан жасалған құрылғы деп ойлаған.

"Бұл қолдан жасалған құрылғы сияқты көрінді. КВИ-мен ауыратын науқастар емделетін барлық стационарлар 50% оттегімен қамтамасыз етілуі тиіс, оның 15%-ы - өкпені жасанды желдету аппараттармен, тағы 15%-ы - инвазивті емес аппараттармен, қалған 30%-ы Бобров аппараттарымен немесе оттегі концентраттарымен", - деп түсіндірді Ажар Ғиният.

Талқылау