Вице-министр: Аурудың өсуі еліміздің барлық аймақтарында байқалды
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният әлемдегі коронавирустың таралу жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлемде вирус жұқтырғандар саны өсуде. Бүгінгі таңда әлемнің 216 елінде 48 миллион коронавирус ауруы тіркелген. 1,2 миллион адам қайтыс болды.
"Еуропа мен Азияның кейбір елдерінде бұрынғыша аурудың өсуі жалғасуда. Соңғы айда Германияда ауру өскені байқалды, онда өсім 0,9-дан 3,0-ге дейін артқан , Украинада – 2,2-ге дейін, Ресей Федерациясында – өсім 0,8-ден 1,1% - ға дейін, Испанияда – 1,2-ден 1,4-ке дейін , Францияда - 2,5- ке дейін, Чехияда – 1,9-ға дейін, Италияда 0,8-ден 3,9-ға дейін артқан", - дейді ол.
Сонымен қатар, Ажар Ғиният елімізде де вирус жұқтырғандар саны өсіп жатқанын айтты.
"Аурудың өсуі барлық аймақтарда байқалады. Өткен аптамен салыстырғанда ауру 2,6 есеге өсті. Соның ішінде, Шығыс Қазақстан облысында - 6,6 рет - 193-тен 1283 жағдайға дейін, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қостанай облыстарында - 3 рет. Бүгінгі күні 14 облыстың әкімдері - Солтүстік Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Ақмола, Маңғыстау, Алматы, Атырау, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының әкімдері, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының әкімдері күшейтілген шаралар қабылдады. Күшейтілген шаралар қоғамдық тамақтану объектілерінің толуын азайтуға, халықтың өміріне қызмет ететін іскерлік және басқа да іс-шаралар мен объектілердің жұмыс уақытын қысқартуға, шектеу шараларын сақтауға, демалыс күндері қоғамдық көліктің жұмысын тоқтатуға бағытталған", - деп түсіндірді ол.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
