Вьетнамға жіберілген айғыр тұяғы мүжілгенше екі жыл кешіп туған жеріне қашып келген
1961 жылы Вьетнамға көмек ретінде Мұңғыл елінен бірнеше жылқылармен бірге аттандырылған қара күрең айғыр екі жыл дегенде туған ауылына қашып келген.
“Мына қара күрең айғыр 1961 жылы Вьетнамға көмек ретінде Мұңғыл елінен бірнеше жылқылармен бірге аттандырылған. 1963 жылы ту Вьетнамнан көлдер мен нуларды, құмдақтар мен шөлдерді кесіп өтіп, тұяғы мүжіліп, сауыры сөгіліп, қабырғасы терісіне жабысып, терісі тулаққа айналғанша туған жері Мұңғылға, туған ауылына, туған қорасына екі жыл кешіп қашып келген. Ғажап. Іш елжірейді. Не деген түйсік? Не деген махаббат?..”, – деп жазады желі қолданушысы Манарбек Керей.
Қазақ жылқыны ежелден киелі жануар санаған. Жылқының тектілігі сонша айғырлары үйірін жыртқыштардан да қорғап жүреді. Тіпті айдап алып кеткен жағдайда айғырдың үйірін бастап, қашықтығына қарамастан өз жеріне қайта алып келетіні талай аңыз-жырларда жазылғаны белгілі.
Талқылау

"Жұбайының көз алдында болған": БҚО-да оқушы мен әкесін құтқарамын деп суға кеткен мұғалімнің жақыны мән-жайды айтты
Қайғылы оқиға 10 шілдеде Жайық өзенінде болған

"Киіктерді өз өмірінің құнымен қорғаған батыр": Қорықшы Ерлан Нұрғалиев қаруланған броконьерлерді қуамын деп қалай қаза тапты
Қайғылы оқиға 6 жыл бұрын “Охотзоопром” кәсіпорнында болған еді