Венгрияда 42 көлік соқтығысқан ірі жол апаты орын алды
Венгрия астанасы Будапешттен 20 шақырым жерде М1 тасжолында 42 көлік соқтығысып, ірі жол апаты орын алды. Оның 5-еуі — жүк көлігі, 37-сі — жеңіл көлік деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Будапешт полиция басқармасы апат салдарынан 19 көлік жанып кеткен, 40-қа жуық адам жарақат алғанын мәлімдеді.
"Ауруханаға 39 адам жеткізілді. Оның 29-ы ересек адам, 10-ы — бала. 10 ересек адам ауыр жарақат алған, 19-ы жеңіл жараланған. 4 бала ауыр жарақат алса, 6 бала жеңіл жарақат алған" – деді Ұлттық жедел жәрдем қызметінің баспасөз хатшысы Павел Дьёрфи.
Жарақат алғандарды эвакуациялау үшін 4 тікұшақ, 16 жедел жәрдем көлігі жұмылдырылған. Жедел жәрдем бригадалары Будапешттен ғана емес, Дьера, Татабаньи және Секешфехервара секілді басқа қалалардан да келген.
Полиция апатқа қатты жел тұрып, құмды дауыл соққандықтан, жолдың көрінбей қалуы себеп болғанын хабарлады.
М1 тасжолы— Австрияға қарай бастайтын автожол. Қазір ол екі бағытта да жабық тұр.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”