Венесуэладан Қазақстанға дейін: Саяси жағдай мұнай нарығына қалай әсер етіп жатыр
Фото: freepik.com
Әлемдік мұнай нарығы 2026 жылдың басында белгісіздік күйде қалып отыр. Оның бағасына өндіріс ғана емес, ірі мұнайлы елдердегі саяси жағдай да әсер етіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ Венесуэланың мұнайын бақылауға алуы мүмкін деген ақпарат мұнай нарығына қатты әсер етті. Венесуэлада әлемдегі ең ірі дәлелденген мұнай қоры бар – 303,2 миллиард баррель. Алайда елдегі саяси тұрақсыздық пен санкциялар мұнайды нақты өндіру мен экспорттау көлемін шектеп отыр. АҚШ-тың елдің мұнай секторына бақылау орнатуы нарықтағы ұсыныс теңгеріміне тікелей әсер етіп, әлемдік мұнай бағаларына қосымша ықпал ететін факторға айналады.
Әлемдегі үшінші ірі мұнай қоры Иранда – 208,6 миллиард баррель. Ел ішіндегі жаппай наразылықтар мен санкциялар қысымы мұнай экспортын қиындатып, нарықтағы геосаяси тәуекелдерді арттыып жатыр.
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының мәліметінше, 2024 жылы әлемдік дәлелденген мұнай қоры 1,6 триллион баррель болған. Ең үлкен қорлар Венесуэла, Сауд Арабиясы (267,2 миллиард баррель) және Иранда шоғырланған. Ал ресурстың едәуір бөлігі Иракта (145 миллиард баррель), Біріккен Араб әмірлігінде (113 миллиард баррель), Кувейтте (101,5 миллиард баррель) және Ресейде (80 миллиард баррель) орналасқан. Ал Канададағы ресурс мұнайлы құмдарды қоспағанда 4,3 миллиард баррель. Елдің қорларының көп бөлігі мұнайлы құмдарда шоғырланған. Олар қымбатырақ және өндіру үшін көміртегі көп ресурстарды қажет етеді. Осы қорларды қоса алғанда, Канаданың қоры 163 миллиард баррель болып, төртінші орынға жайғасқан.
Америка Құрама Штаттары (45 миллиард баррель), Ливия (48,4 миллиард баррель), Нигерия (37,3 миллиард баррель), Қазақстан (30 миллиард баррель) және Қытайдың (28,2 миллиард баррель) қорлары аз. Бірақ тұрақты өндіріс пен дамыған экспорттық инфрақұрылымның арқасында нарықта маңызды ойыншылар болып қала береді.
Фото: Energyprom.kz
Әлемдік мұнай қорлары негізінен саяси және геосаяси тәуекелі жоғары елдерде шоғырланған. Бұл мұнай нарығындағы белгісіздікті күшейтіп, бағаға тікелей әсер етеді. Шамамен 30 миллиард баррель ресурстық базасы бар Қазақстан орташа позицияны иеленеді.
2025 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіруде рекордтық 91,7 миллион тоннаға жетті. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,1%-ға көп.
Дегенмен, екі мұнай танкері мен инфрақұрылым нысандарына дрон шабуыл жасаған соң қазақстандық мұнай экспорты ішінара шектелді. Бұл оқиғалар логистика мен мұнай тасымалдау көлеміне әсер етті. Маршрут шектеулерін өтеу үшін Қазақстан экспорттық ағындардың бір бөлігін Қытайға және Атырау-Самара бағытына бұрды. Бұл оған негізгі сыртқы нарықтарға жеткізілімдерді сақтауға мүмкіндік берді.
Фото: Energyprom.kz
2025 жылдың қаңтарынан қазанына дейін Қазақстан 33,2 миллиард долларға бағаланған 62,6 миллион тонна шикі мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттады. Экспорт көлемі абсолютті түрде 5,4%-ға өсті. Десе де құны 8,5%-ға төмендеді.
Италия мен Нидерланды Қазақстанның негізгі экспорттық бағыттары болып қалды. Сәйкесінше 24 миллион және 8,9 миллион тонна, бұл жалпы көлемнің жартысынан көбін қамтыды. Францияға (4,6 миллион тонна), Румынияға (4,4 миллион тонна) және Грецияға (3,7 миллион тонна) айтарлықтай көлемдер экспортталды. Қытайға 3,1 миллион тонна мұнай экспортталды.
Фото: Energyprom.kz
2025 жылы Қазақстанда мұнай өндірісінің артуы елдің геосаяси шиеленіс жағдайында да өндірісті ұстап тұра алғанын көрсетеді. Дегенмен, экспорттық инфрақұрылым мен танкерлерге жасалған шабуылдар жеткізілімдердің осалдығын көрсетті. Әлемдік мұнай нарығы ең ірі қорларға ие елдердегі, әсіресе Венесуэла мен Ирандағы, саяси және логистикалық тәуекелдерге әлі де тәуелді болып отыр. Қазақстан үшін бұл аймақтық және жаһандық нарықтарда тұрақты рөлді сақтау үшін экспорт бағыттарын әртараптандыру және инфрақұрылымды қорғауы қажет.
Айта кетейік, бұған дейін Қара теңізде Қазақстанның мұнайын күтіп тұрған екі танкерге дрон шабуылдағаны туралы жазған едік.
"Разы болмаймын": Қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданды (видео)