Венесуэла президенті Рождество мерекесін 1 қазанға ауыстырды
Венесуэла президенті Николас Мадуро Рождество мерекесін 1 қазанға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Carolina Cabral/Getty Images
Венесуэла басшысы өз шешімін ұлттық телеарна арқылы тікелей эфирде жариялады.
"Қазір қыркүйек, қазірден-ақ Рождествоның жақындап келе жатқаны сезіледі. Сондықтан осы жылы құрмет пен алғыс ретінде Рождество мерекесін 1 қазанға ауыстыру туралы жарлық шығармақпын", – деді саясаткер.
Мұсылмандарға Пасха және Рождество мейрамдарын тойлап, мерекеде ұсынылатын астан дәм татуға бола ма?
Айта кетейік, Мадуро бұған дейін бірнеше рет Рождество мерекесінің күнін ауыстыру туралы мәселе көтерген.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді