Венесуэла оппозициясының көшбасшысы өзін президент деп жариялап, армияға үндеу жасады
Фото: Gaby Oraa/Bloomberg via Getty Images
АҚШ 2024 жылғы президент сайлауында жеңіске жетті деп санайтын венесуэлалық оппозиционер Эдмундо Гонсалес өзін ел президенті деп жариялап, армияны өзін бас қолбасшы ретінде мойындауға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісінде жарияланған видеода мәлімдеді.
“Бүгін билікті заңсыз иемденген адам енді ел аумағында жоқ және сот алдында жауап береді. 28 шілде күні көпшіліктің жасаған таңдауы даусыз құрметтелсе ғана ел расымен қалыпқа келеді. Бұл туралы түрлі саяси және қоғамдық қайраткерлер де бұрын мәлімдеген”, – деді Эдмундо Гонсалес.
2024 жылы 28 шілдеде өткен сайлауда Вашингтон көп дауыс жинаған Гонсалесті сайлау жеңімпазы деп таныса да, Венесуэланың Ұлттық сайлау кеңесі Николас Мадуроны жеңіске жетті деп жариялады.
Сенбі күні Венесуэланың Жоғарғы соты президент ұсталғаннан кейін мемлекет басшысының міндетін вице-президент Делси Родригес атқаруға тиіс деген шешім шығарды.
- БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Венесуэладағы операциясына байланысты шұғыл отырыс өткізеді
- Венесуэланы біз басқаратын боламыз – Трамп мәлімдеме жасады
Ал АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Родригес АҚШ-тың талаптарын орындауға міндетті екенін, әйтпесе мұның соңы жақсылықпен аяқталмайтынын ескерткен еді.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Венесуэла астанасы Каракасқа шабуыл жасағаны туралы жазған едік. Кейін Трамп президент Николас Мадуро мен оның жұбайы ұсталғанын мәлімдеді. Оларға есірткі тасымалымен айналысты деген айып тағылды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар