Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Венесуэла басшысы Мадуро көршілес елдің бір бөлігін өзінің штаты деп жариялады

Венесуэла басшысы Мадуро Гайананың батыс бөлігі Эссекибо аймағын өзінің 24-ші штаты деп жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: bbc.com

Николас Мадуро бұл шешімді көрші Гайанамен шекарадағы даулы референдумның қорытындысы бойынша қабылдаған. 5 желтоқсанда өткен парламент отырысында ол тиісті заң жобасын енгізуді ұсынды.

Сонымен қатар, Мадуро Венесуэланың мемлекеттік мұнай конгломератына ресурсқа бай Эссекибодағы мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбаларды игеруге лицензиялар беруді дереу бастауды бұйырды. Қазіргі уақытта теңізде жұмыс істейтін мұнай компанияларына жұмысын тоқтатуға үш ай уақыт берді.

Мадуро жақын арада Эссекибо штаты қосылған Венесуэланың жаңа картасы елдегі барлық оқу орындарына жіберілетінін айтты.

3 желтоқсанда Венесуэлада даулы референдум өтті, онда ресми деректерге сәйкес, азаматтардың 95 пайызы Эссекибоны өз еліне қосуды қолдаған. Гайана президенті Ирфаан Али референдумды Венесуэланың аймақты аннексиялауы деп атады. Гайананың бас прокуроры Анил Нандлал Венесуэла бұдан әрі қадамдар жасаса, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінен көмек сұрайтынын айтты.

Венесуэла жарты ғасырдан астам уақыт бойы Эссекибоға қызығушылық танытып келеді. 2015 жылы ExxonMobil мұнай концерні аймақта бай мұнай кен орындарын ашқаннан кейін бұл қызығулышық күшейі түсті. Осы жылдың қазан айында Эссекибода тағы бір ірі мұнай кен орны ашылды, бұл Гайананың мұнай қорын кем дегенде 10 миллиард баррельге дейін ұлғайтты. Бұл Кувейт пен Біріккен Араб Әмірліктерінің мұнай қорынан да көп.

1966 жылы 17 ақпанда Венесуэла мен Гайана Женева келісіміне қол қойып, Гайана аймақтағы аумақтық дауларды шешуде Британ империясының мұрагері болып саналды. 1999 жылы Париж соты Эссекибо аумағын Гайананың бір бөлігі деп таныған.

Талқылау