"Венециядан қай жері кем?": Қарағанды көшелері су астында қалды
Қарағандыда жауған жаңбырдың арты нөсерге ұласып, қала көшелерін су басқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан кадр
Қолайсыз ауа райы салдарынан шаһар көшелері су астында қалып, қатты жел ғимарат шатырларын ұшырып әкетті.
Қарағандыда сағат 17:00 шамасында нөсер жауын басталып, оңтүстік-шығыс көшелері мен вокзал алаңын су астында қалдырды. Ал дауылды жел Майқұдықтағы мектеп-интернатының ғимаратын шатырын ұшырып әкетті.
Дауылды ауа райының салдарын әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардан көруге болады. Қаладағы дүрбелеңді телефондарына түсіріп лаған жергілікті тұрғындар желіде суреттер мен видеоларды жаппай таратып жатыр. Айтуларынша, Қарағанды көшелерін су басқан “Алматы мен Астананың” күйін кешкен. Сондай-ақ электр желілерінің зақымдалуына байланысты бірнеше көше жарықсыз қалды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”