Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Василий Ломаченко спорттық мансабын аяқтады

Фото: Getty Images / Global Images Ukraine

Заманауи бокстың ұлы өкілдерінің бірі – Василий Ломаченко кәсіби мансабын ресми түрде аяқтағанын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

37 жасында украиналық боксшы жанкүйерлеріне, отбасына, жаттықтырушыларына және мансабы барысында қолдау көрсеткен Құдайға алғысын білдіріп, эмоциялық видеоүндеу жасады.

Ломаченко бокстан IBF нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағымен қоштасты. Соңғы жекпе-жегін ол 2024 жылдың мамыр айында Австралияның Перт қаласында өткізіп, Джордж Камбососты сенімді түрде жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.

Кәсіби мансабында Ломаченко 21 жекпе-жек өткізіп, оның 18-інде жеңіске жетті (12 нокаутпен) және 3 рет жеңілді. Алайда оның жетістіктері тек кәсіби рингпен шектелмейді: әуесқойлар арасында ол екі мәрте Олимпиада чемпионы атанып (Пекин 2008, Лондон 2012), 396 жеңіс және бар болғаны 1 жеңіліспен таңғаларлық нәтиже көрсетті.

Ломаченко өзінің айрықша техникасы мен үш салмақ дәрежесінде чемпион атануы арқылы танымал болды және қысқа уақыт ішінде бокста зор беделге ие болды.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 10 Маусым, 2025 10:37
Талқылау