Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда жартасқа қызының есімін қашап жазған шенеунік тағы да қызметінен босатылды

Маңғыстау облысындағы Ыбықты-Сай шатқалынында қабырғаға ойып жазу жасаған шенеунік кезекті мәрте жұмысынан қуылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Мәдениет және ақпарат министрлігі күні кеше БАҚ беттерінде Манас Көшербаевтың жаңа қызметке тағайындалғаны туралы ақпарат жарияланғанын еске салды. 

“Конкурс комиссиясының шешімімен Манас Көшербаев Байғанин аудандық мәдениет үйінің меңгерушісі болып тағайындалғаны туралы ақпарат тарады. Алайда бүгін Байғанин аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының 2024 жылғы 27 наурыздағы бұйрығымен Манас Көшербаевтың берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылғаны белгілі болды”, – делінген хабарламада.

Министрлік аталған бұйрықты мәдениет басқармасының басшысына ұсынды.

Еске сала кетейік, 2023 жылы Маңғыстау облысындағы Ыбықты Сай шатқалында бұзақылық жасап, қабырғаға ойып, жазу жазған шенеунік ұсталған еді. Видеодағы ер адам ақтөбелік шенеунік екені анықталды. Кейін Qumash Telegram-арнасы шенеуніктің жартасқа қызы Ақнәзіктің есімінін жазғанын айтты. 

Талқылау