Алматы тұрғыны Валерий Меладзенің концертіне жалған билеттер сатқан
Ресейлік әнші Валерий Меладзенің алматылық тыңдармандары жалған билет сатып алып, алаяққа алданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: polisia.kz
Күдікті жалған билеттерді хабарландыру сайтында сатқан. 29 жастағы алматылық азамат ұсталып, өз кінәсін мойындады.
“Шынында, күдіктіде ешқандай билет болмаған. Ол билет сататыны туралы хабарландыру жасап, адамдардан билеттің толық ақшасын алып алған. Кейін телефонын өшіріп, қоңырауларға жауап бермеген. Күдікті концерттен кейін де бірнеше билет сатқан”, – деді Алматы қаласы ПД Киберпол басшысы Игорь Пудовкин.
Тергеу барысында күдікті бұған дейін Қазақстанға гастрольдік сапармен келген 50 Cent, Akon сынды шетелдік әртістердің концертіне де жалған билет сатқанын мойындады.
Бұған дейін Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзованың шығармашылық кешінде орамалсыз өнер көрсететінін айтқан еді.
Талқылау

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
Екатерина Жанғарина: "Екі үлкен шәугім сүті бар шай беріп, "құя бер" деді"

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
Балаға психологиялық әрі физикалық қауіп төнеді