Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Валерий Леонтьевке еліктеп жүрген кезіміз": Асылхан мен Артурдың суреті жұртты күлкіге қарық қылды

Асылхан мен Артурдың суреті жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Валерий Леонтьевке еліктеп жүрген кезіміз

Танымал өнер иелері кішкентай кездеріндегі суреттерін жүктеп, өткендерін естеріне алды. Ағайындылар кімге еліктеп, қандай болғысы келетіндерін де жасырмаған. Бұл туралы Артур Төлепов желідегі парақшасында жазба қалдырып, бір күліп алды. 

"Ол кездері мен Валерий Леонтьевке еліктейтінмін. Бірақ түрім таза Лолита болатын. Ал, жолдас бала Асылхан болса Брюс Лиге. Бұрындары Валерий мен Брюс жиі төбелесіп қала беретін. Ал сіздің кумиріңіз кім?" - деп жазды Артур Төлепов. 

Асылхан мен Артурдың суретін көрген жұрт таңқалып, күлкіге қарық болды. Кішкентай өнер иелерін бастапқыда танымай қалған желідегілер жарыса пікір жазған. 

"Таппайытыны жоқ", "Ішегім-ай", "Маугилге ұқсайсыз ғой, Артур мырза", "Мұстафа Өзтүрікке ұқсап қалыпсың", "Кетші, түрлерің құрсыншы", "Шаш үлгісі керемет", - деп пікір білдірді жұрт.

Талқылау