Вакциналау деңгейі Нұр-Сұлтан мен Атырау облысында төмен – Премьер-министр
Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысының әкімдеріне аймқтарда коронавирусқа қарсы вакциналау деңгейінің төмен екенін айтып, қатаң бақылауға алу жөнінде тапсырма берлі. Сонымен қатар ол өңірлерде вакцина мөлшерінің жеткілікті екенін де айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазір елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Өңірлердің көпшілігі "жасыл" аймақта. Дегенмен, эпидемиологиялық жағдайға одан әрі мониторинг жүргізу қажет.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша санитарлық талаптарды жеңілдету шаралары қабылданып жатыр. Соған қарамастан әкімдіктер вакциналау мен ревакциналау жұмысын жалғастыруы тиіс", - деді Үкімет басшысы.
Оның мәліметі бойынша, өңірлерде вакцина қоры жеткілікті.
"Ревакциналау елордада және Атырау облысында өте төмен. Көш соңында қалған өңір әкімдері осы мәселені ерекше бақылауға алсын", - деген Әлихан Смайылов орынбасары Ералық Тоғжановқа бұл мәселені жалпы бақылауға алуды тапсырды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн