Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Вакцина сынағынан қашып кеткен": Түркістан облысында маймыл жарықшамның үстіне шығып алды

Әлеуметтік желілерде көшедегі шамның үстінде отырған маймыл түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, видео Түркістан облысы Сарыағаш қаласында түсірілген.

“Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде полицейлер, Instagram парақшаларының бірінде жол жиегінде маймылдың электр бағанасының үстіне шығып кетіп, түсе алмай тұрғаны түсірілген бейнежазбаны анықтады. Бұл бейнежазба бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің полицейлері бірден тексеру жұмыстарына жұмылдырылды. Атқарылған шаралардың нәтижесінде оқиға Сарыағаш қаласындағы көшелердің бірінде орын алғаны белгілі болды”, – деп жазды Polisia.kz.

Енді маймылды тасымалдаған сарыағаштық жігіт жауапқа тартылуы мүмкін.

Талқылау