Вакцинадан бас тартқаны үшін зейнетақы төленбеуі мүмкін: Желіде ақпарат тарады
Желіде Павлодар облысында коронавирусқа қарсы вакцинациядан бас тартқан зейнеткерлерді төлемдерден айырамыз деп қорқытқаны туралы ақпарат тарауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Ведомствоның хабарлауынша, зейнеткерлер үшін COVID-19-ға қарсы екпе ерікті болып табылады және одан бас тартқаны үшін зейнетақы төлемдерінен айырылу қаупі төніп тұрған жоқ.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Вакцинация ерікті түрде жүргізіледі", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Сондай-ақ ведомство өкілдері аймақта үгіт-насихат жұмыстары барысында вакциналардың пайдасы туралы бейнероликтер көрсетілетінін, тұрғындарға коронавирустық инфекция туралы толық ақпарат ұсынылған парақшалар таратылатынын жеткізді.
Емханаларда дәрігерлер иммундауға арналған препараттардың құрамы, тиімділігі және қауіпсіздігі туралы азаматтардың сауалдарына қажетті түсініктемелер береді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
