Вакцинада қатерлі ісіктің ДНҚ-сы бар: Қазақстандықтар желіде таралған жазбаны қызу талқылауда
Әлеуметтік желіде коронавирусқа қарсы вакцина қатерлік ісіктің ДНҚ-сы болуы мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық қастандық теорияларын жақтаушылар вакциналардың рак тіндерінде өсірілетіні туралы жазбамен бөлісуде. Вакцинацияның басты мақсаты – иммунитетті жою, дейді олар.
АҚШ азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасының (FDA) мәліметтері бойынша, қатерлі ісік жасушалары әртүрлі "тыныш жатқан" вирустарды жұқтыруы мүмкін, сондықтан оларды вакциналар әзірлеуге пайдаланбайды.
Талқылау
Пікір
Çàãðóçêà...