AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %

Вакцинациялау деңгейі жоғары аудандарда COVID-19 аурушандығының төмендеуі байқалады

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері сараланды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, 6-13 шілде аралығында өңірдеCOVID-19 ауруының өсуі байқалған. 13 маусымдағы мәліметтерге сәйкес, облыс бойынша 10 381 адам инфекция жұқтырған. Тек соңғы тәуліктің өзінде КВИ 52 адамнан расталған.

Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 2075 төсек-орын, оның ішінде 202 - реанимациялық бөлімшелерде, тағы 170 – карантиндік стационарларда дайындалған.  Қосымша 2 685 төсек-орын, оның ішінде 299 - реанимацияда орналастыру мүмкіндігі бар.

- Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов аудандарында және Тараз қаласында инфекцияның жоғарылау деңгейі байқалады, - деді Әсет Қалиев.

Әсет Қалиев 582 мың жамбылдықты вакцинациялаумен қамту жоспарланып отырғанын атап өтті. Бүгінгі күні жоспар 41,5 пайызға орындаған. 43 егу пунктінің 15 - і Таразда, 28-і аудандарда орналасқан. Басқарма басшысы вакцинация қарқыны артып келе жатқан аудандарда эпидемиологиялық ахуалды қалыпқа келтірудін тұрақты үрдісі байқалатынын айтты. 

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның жаңа кезеңінің қауіптілігі туралы ескертуде. Біз барлық жағдайға дайын болуымызкерек. Өткен қателіктерді ескеріп, оларға қайта жол бермеу бойынша жұмыс жасауға тиіспіз, - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы төсек-орындарды дайындауды, дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының қажетті қорын қалыптастыруды, керекті құрал-жабдықтарды сатып алуды, қолданыстағы ӨЖЖ-аппараттарының жай-күйін тексеруді тапсырды.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев аудан әкімдеріне, мемлекеттік органдардың басшыларына түсіндіру жұмыстарын күшейту, халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды кеңейтудің маңыздылығын жеткізді.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Байділдә Шыналиев мобильдік топтардың шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша жұмыстары ойдағыдай орындалмай отырғанын жеткізді.

- Соңғы күндері Сарысу, Мойынқұм, Жуалы аудандарында рейдтер қорытындысы бойынша карантиндік шектеулердің бірде-бір бұзылуы анықталмаған. Бұлай болуы мүмкін емес. Кез-келген сауда орталығына барсаңыз, сатушылар да, сатып алушылар да бетперде тақпайтынын көресіздер. Бизнес нысандарының қызметкерлері тұрғындардан бетперде тағуды талап етіп, антисептиктер ұсыну керек. Егер кімде-кім санитарлық нормаларды сақтағысы келмесе, оларды жауапкершілікке тарту қажет, - деп талап етті облыс әкімі.

Кеңеске қатысушылар мобильдік топтардың құрамын қайта қарау туралы шешім қабылдады.

Бердібек Сапарбаев шекарадағы бақылауды да күшейту қажеттігіне назар аудартты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Жамалов баяндама жасады.

2021 жылдың 1 маусымынан бастап мектеп жанындағы 414 лагерьлерде 23893 бала демалып, түрлі бағыттар бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар және сабақтармен қамтылған.

- Жазғы демалыс кезінде ауылдық жерлерге ата-әжелеріне демалысқа кеткеноқушылардың да есебі жүргізілуде. Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалаларында тұратын 27 мыңнан астам бала ауылдарда демалуда, - деді Жамалов.

Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың жазғы демалысына жергілікті бюджеттен 555 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген.

Қала сыртындағы жеті балалар лагерінде қажетті медициналық тексеруден өткен 4172 бала сауықтыру және ойын-сауық іс-шараларымен қамтылған.

Спикердің айтуынша, мектептерде турникеттер орнатылып, дабыл түймелері, бейнебақылау камералары Жамбыл облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығымен біріктіріледі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ата-аналардан "Берікқара", "Болашақ" лагерьлерінің жұмысына қатысты шағымдар түскен болатын. Т. Жамалов қазір ондағы  жағдай толығымен бақылауға алынғанына сендірді.

- Оқушылардың қауіпсіздігі мен амандығы бәрінен маңызды. Олар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру қажет. Киіз үй лагерлерін, тарихи орындарға экскурсиялар ұйымдастыру керек. Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. Мұғалімдер мектептердің дайын екенін айтуда. Бірақ алдын-ала тексеру жүргізіп, барлық проблемалық мәселелерді зерделеу бойынша жұмыс жүргізіңіздер, - деп облыс әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Басқосу соңында Бердібек Сапарбаев Құрбан айт мейрамы жақындап келе жатқанын, соған сәйкес карантиндік шектеулердің сақталуын бақылауды барынша күшейту керектігін ескертті.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр