Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вакцинация төлқұжатын сатып алатынын айтқан актер Асқар Ілиясов көпшіліктен кешірім сұрады

Қазақстандық актер Асқар Ілиясов екпе төлқұжатын сатып алу мүмкіндігі туралы айтқан сөзі үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бірнеше күн бұрын YouTube арнасында Тимур Балымбетовтің Асқар Ілиясовпен болған сұхбаты жарияланды. Онда актер вакцинацияға деген көзқарасын білдірген еді.

"Егер карантин қатаңдап, елден шығу мүмкін болмаса, мүмкін, екпе аламын, немесе пара беріп, төлқұжат сатып алармын. Кім біледі. Мұндай мүмкіндік бар", – деді ол.

Ильясов, сонымен қатар пандемия кезінде карантиндік нормаларды сақтамағанын, ауру өршіп тұрған сәтте жабық барларға барғанын мойындады. Кейінірек актер инстаграм желісінде бұл сөзі үшін кешірім сұрады.

"Менің айтқаным – бұл менің ақымақ пікірім, мен оны көпшілік алдында айтып қателік жасадым. Мен бұл туралы жақсы білмеймін және ол туралы сенімді түрде айтқаным жауапсыздық болды. Мен вакцинацияның төлқұжатын сатып алмаймын. Бұл жалпы ақымақтық болды. Біздің қоғамның денсаулығы үшін вакцинациялауды кеңінен насихаттайтын адамдардан кешірім сұраймын", – деп жазды актер.


"Үміт үзілді": Танымал қазақ актері өзге ұлттан тапқан сүйіктісін көрсетті


 

Бірнеше минуттан кейін ол бірінші рет "кешірім сұрағанын" атап, мәтінін өзгертті.

"Менің көзқарасым менің ойымнан қалыптасады. Вакцинация – бұл әркімнің жеке таңдауы. Вакцинация туралы өз пікірімді өзгертпедім, бірақ мен оны ешкім жүктегім келмейді", – деп қосты ол.

Дәрігерлер мен ғалымдардың айтуынша, вакцинация – бұл пандемиямен күресудің бірден-бір тиімді әдісі. Ұжымдық иммунитетті құру елде енгізілген карантиндік шектеулерді алып тастауға, сондай-ақ халықтың аурушаңдық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Вакцинация төлқұжаттарын жасау қылмыстық жазаға ғана емес, сонымен қатар халыққа да қауіпті, өйткені жалған вакцинацияланған адам коронавирус жұқтырып, ауруды жақындарына жұқтыруы мүмкін.

Талқылау