Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вакцинация паспорттарын қолдан жасағаны үшін қанша алматылық дәрігер жұмыстан шығарылды

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев жаппай вакцинация науқаны басталғалы бері вакцинация паспорттарын қолдан жасаған 16-ға жуық жағдай анықталғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Өкінішке қарай, фактілер анықталды. №21, №4 және №16 емханаларында вакцинаны қолдан жасау жағдайлары болды. Жалпы саны – шамамен 16. Қазір тергеу органдары осылармен айналысуда", – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Табынбаев барлық жағдайлар медицина қызметкерлері арасында анықталғанын, тергеу жүргізу үшін полицияға тапсырылғанын айтты. 

"Вакцинаны қолдан жасаған екі емхана басшысын, алты дәрігер мен медбикелерді жұмыстан шығаруға тура келді. Мұндай жағдайлардың болмауы үшін біз күшейтілген түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Камералардың саны артып, бақылаушылардың жұмысы күшейтілді", – деп атап өтті Нариман Табынбаев. 

Қазір тергеу жалғасуда. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы нәтижелерін кейінірек хабарлайтынын жеткізді. 

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 07 Қазан, 2021 12:55
Талқылау