AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вакцина салдырған қазақстандық пәтер ұтып алды

Маңғыстау облысының тұрғыны Қайрат Қосаевқа екі бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Маңғыстау облысында коронавирусқа қарсы вакцинацияланған тұрғындар арасында өткізілген екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны аяқталды.

Mangystaumedia.kz сайты хабарлағандай, 27 жастағы Қайрат Қосаев пәтердің бақытты иесі атанып – оған салынып жатқан пәтердің кілті табысталған.

"Ауру дендеп бара жатқан уақытта мен өз еркіммен екпе салдырдым. Мұндай акция өтіп жатқанын кейін білдім. Өткен аптада ұйымдастырушылар күтпеген жерден маған хабарласып, пәтер ұтып алғанымды айтты. Мен жол бойы толқып келдім, қуанышымды да жасыра алмадым. Бұрын мұндай ұтыстарға сенбейтінмін, бірақ бұл жарыс адал өтті", – деді Қосаев.

Ер адам вакцинаны бірінші кезекте өзінің денсаулығын қорғау үшін алғанын атап өтті. Қосаев эпидемияны бірге тоқтату үшін әлі екпе жасамаған жандарды вакцинациялауға шақырды. 

Емделушілер арасында бағалы сыйлықтардың ұтысы бір жарым ай бойы жүргізілген. Қалған 40 адамнан тұратын акция жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр