AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Вакцина құрамындағы қоспалар Альцгеймер ауруын тудырады": Ақпарат желідегілерді шошытты

Әлеуметтік желіде вакциналардағы алюминий Альцгеймер ауруын тудырады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап. 

Видеода вакциналар құрамындағы алюминий оксидтері мен тұздарының зияны туралы айтылады. Мұндай қоспалар Альцгеймер, аутизм және басқа да аурулардың дамуына ықпал етеді. Ақпаратты таратушылар доктор Кристофер Шоудың сөйлеген сөзінен үзінділер келтірілген.

Шоудың осы мәселеге арналған алғашқы мақаласы 2011 жылы жарық көрді, содан кейін басқа дәрігерлер мен мамандар тарапынан үлкен сынға ұшырады.

2017 жылы Шоудың өзі зерттеуінің дұрыс емес екенін және берілген мәліметтер өзгертіліп, манипуляцияға бейім екендігін мойындады.
Бұл оқиға жалпы Шоудың мансабына көлеңке түсірді, адамдардың көбі ғалымның мәлімдемесіне мән беру керек пе деп ойланып қалды. 

Шын мәнінде, аморфты алюминий гидроксифосфат сульфаты, алюминий гидроксиді, алюминий фосфаты және калий алюминий сульфаты 1930 жылдардан бастап вакциналарда қолданылып келеді. Мұндай препараттардың қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген, ал Альцгеймер ауруы немесе аутизмнің дамуына байланысты вакцина алу жағдайлары тіркелген жоқ.
Құрамында алюминий бар адъюванттар суда ерімейді, қан тамырларына енбейді және бүкіл денеге таралмайды. 

Осылайша, алюминий негізіндегі адъюванттар денеге зиян келтіріп, аутизм мен Альцгеймер ауруын тудыруы мүмкін деп айтуға толық негіз жоқ. Бұл теорияны растайтын ғылыми дәлелдер де жоқ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр