AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вакцина алған қазақстандықтар Таиландта міндетті карантинсіз жүре алады

Вакцина алған қазақстандық туристер Таиландқа міндетті карантинсіз кіре алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

самолет

Бұл туралы Таиланд туристік басқармасының Қазақстандағы өкілдігі мәлімдеді. 

Қазақстандық туристер Таиландқа карантиндік шектеусіз бара алады. 

"Қазақстан резиденттеріне ұшып келген кезде виза алуға болатын елдердің тізіміне енді. 1 қазаннан бастап вакцинацияланған қазақстандықтар Таиланд Корольдігіне міндетті карантиннен өтпей-ақ қайта бара алады. Қазіргі уақытта қазақстандықтарға қолжетімді Sputnik V вакцинасын Таиланд Денсаулық сақтау министрлігі сертификаттаған. Қазақстандықтар туристік визаны ұшып келгеннен кейін ресімдей алады. Визаның мерзімі– 15 күнге дейін", – деп жазады Мәскеулік кеңсенің Қазқастандағы өкілдігі.

Таиланд тарабы ұсынып отырған туристік бағдарламалар бойынша, туристер патшалыққа ұшуға дейін кемінде 14 күн бұрын вакцинаның толық дозасын алуы керек.

Таиланд Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігі Sinovac, Astra Zeneca, Janssen, Pfizer, Moderna, Vero Cell, Covisheld, Sputnik V вакциналарын сертификаттаған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр