"Вагнер" сапында қанша қазақстандық бар? – ресми өкіл жауап берді
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров "Вагнер" сапында қанша қазақстандық қызмет етеді деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Смадияров "Вагнердегі" қазақстандықтар жайлы деректерді анықтау процесі Ресей билігінің ресми сұрауларға жауап бермейтіндіктен күрделене түсетінін атап өтті.
"Ресейлік шенеуніктер кімнің қайда екенін білмейтіндіктерін айтады, өйткені "Вагнер” жеке компания және олар ақпарат бере алмайды. Біз кімнен ақпарат сұрайтынымызды білмейміз. Біздің барлық ресми сұрауларымыз құқық қорғау органдарына немесе Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне түседі және олардың әрі қарай адресаты болмайды, өйткені сұрайтын ешкім жоқ", – деді Смадияров.
Ол Ресей билігі жеке әскери компанияға кімдер алынатынын және ақпаратты қалай тексеру керегін білмейтінін атап өтті.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн