Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Вагнер" құрамындағы жауынгерлердің тағдыры не болады - Қорғаныс комитетінің мүшесі жауап берді

Мемлекеттік Думада "Вагнер" жеке әскери компанияның тағдыры әрі қарай не болатыны айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Подъем басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

вагнер

Мемлекеттік Думаның қорғаныс комитетінің мүшесі Виктор Соболев Вагнердің жауынгерлері Қорғаныс министрлігіне ауыса алатынын, кейбір бөлімшелер өзін-өзі тарататынын айтты. Айтуынша, олар қудаланбайды.

Соболев Пригожин Беларуссияға кеткенімен, қызметін ол жақта жалғастыра алмайтынын түсіндірді.

Комитет мүшесінің айтуынша, тәртіпсіздіктерге қатыспағандар Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырып, өздерінің әскери бөлімдеріне орала алады.

Ал қатысқандардың тағдыры әлі белгісіз. Бұл шешімді Ресей президенті қабылдайды.

"Қорғаныс министрлігіне ауысу қалай болатынын білмеймін, мұны президент шешеді. Түсінуімше, сол төңкеріске қатысқандар үйлеріне жіберіледі. Олардың еңбегін ескере отырып, жазаламайтын болды. Оны Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Песковтан анық естідім", – деді ол.

Соболевтің айтуынша,  Беларусь президенті Александр Лукашенко өз елінде жеке әскери компанияның болғанын қаламайды.

"Менің ойымша, Лукашенко Ресейде болған жағдайдан кейін Беларусь аумағында жеке әскери науқан ұйымдастыруға рұқсат бермейді", – деді қорғаныс комитетінің мүшесі.

24 маусымда "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин Қорғаныс министрлігін оның жауынгерлеріне шабуыл жасады деп айыптап, "әділет маршын" жариялады. Алайда кейін келісімге келіп, Пригожинге қатысты қылмысты іс тоқтатылғаны мәлім болды.

Талқылау