Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұзақ қарап отырса көзден ғайып болатын суреттің құпиясы ашылды

Ғалымдар ұзақ уақытқа қарап отырса көз алдынан жоғалып кететін танымал суреттің құпиясын ашты.  Түрлі-түсті реңктері бар бұлыңғыр сурет өз ерекшелігімен көпшілікке танымал болды. Пайдаланушылардың айтуынша, суретке ұзақ уақыт қарап отырса, ол біртіндеп көзден жоғалып, оның орнына ақ түсті дақ пайда болады.

Ұзақ қарап отырса көзден ғайып болатын суреттің құпиясы ашылды

Алайда, кідіріс жасап қайта қараған кезде сурет қайта көрінеді. Бұл туралы The Verge хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Журналистердің пікірінше, философ Игнац Пауль Виталис Трокслер мұндай әсердің бар екенін бұған дейін де айтқан. Осындай оптикалық иллюзия 1804 жылдан бері адамдардың ой-санасын қоздырып келеді, дейді журналисттер.

Квинсленд университетінің психология ғылымдарының профессоры Дерек Арнольд түрлі-түсті суреттің жоғалу себебін түсіндірді. Оның пікірінше, адам миы өзгермейтін визуалды бейнелерге назар аудармайды. Ол сондай-ақ, бұған алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтты.

SUNY Downstate медициналық орталығының профессоры және «Иллюзия чемпиондары» кітабының авторы Сюзана Мартинес-Конде бұл әсерді нейрондық бейімделу деп атады. Ол жоғалып кеткен суретті шұлықтармен салыстырды.

«Адам шұлықты жаңадан кигенде, оны аяғында сезінуі мүмкін. Бірақ адамдар күні бойы өз жұмыстарымен айналысып жүрген кезде аяғында шұлық бар екенін сезбей қалады. Түрлі түсті сурет те дәл сол секілді»,- деп түсіндірді Сюзана Мартинес-Конде.

Ғалымның пікірінше, адам көзін әдейі қозғалтпаған жағдайда ғана сурет жоғалады.

«Тіпті біз ойланған кезде де көзіміз мүлде қозғалмайды. Олар әлі де микроскопиялық қозғалыстар жасайды», – дейді Мартинес-Конде.

Сондықтан, егер адам түрлі-түсті суретке кездейсоқ қарай қалса, онда ол қозғалыссыз өз орнында қалады.

Оқи отырыңыз:

Әлемдегі ең әдемі банкнот: Ол қалай көрінеді

Қарапайым математикалық есеп желі қолданушыларын тығырыққа тіреді

Сарапшылар ең сенімді 10 автокөлікті атады

2018 жылдың соңында бүктелетін смартфондар сәнге айналмақ

 

 

Талқылау