Ұйықтап кеткен жолаушыны зорлағаны үшін такси жүргізушісін соттады
Сот 46 жастағы ер адамды екі жылға бас бостандығынан айырып, миллион теңге моральді өтемақы төлеуге міндеттеді, деп хабарлады Facebook желісінің #Немолчиkz тобында.
Жәбірленуші Алматыда жұмыс істеп, қала сыртындағы қалашықтардың бірінде тұрған. Ол кешкісін таксиге отырып, ұйықтап кеткен. Оянған кезінде көлік ішінде бір өзі қалғанын, жүргізушінің оны басқа жаққа апара жатқанын түсінген.
«Жүргізуші көп созбастан оған немен айналысатындарын айтады. Ал, қыз өзін өлтіріп, айдалаға тастап кете ме деген қауіппен көне береді. Ол үйінде науқас анасын ойлайды. Отбасын асыраушы өзі ғана болғандықтан, басының аман қалун көздеген», – делінген хабарламада.
Ол қылмыскерден өзі мен адвокатының жеке мәліметтерін білуінен қорғауды сұрады. Сараптама тағайындалды. Ол ешқандай айқай-шусыз, сабырмен жауап берді.
Қозғалыс белсенділері зорланған қызбен кездесуге жүргізуші анасымен келгенін айтты. Айыпталушының екі үлкен баласы, немерелері бар.
Жіберіп алмаңыз:
Тіркеуге тұрмаған азаматтарға 7 қаңтардан бастап айыппұл салынады
Атырауда толғағы қысқан келіншек құрсақтағы шаранасымен бірге перзентханада көз жұмды
2 жыл бойы сүйіктісінің отбасы барын білмеген бойжеткен оған хат жазды
Бір топ жігіт Ақшақар болып киінген қызтекені сабап тастады (видео)