AAPL
164.92 $
0.03 %
TSLA
850 $
-2.44 %
NDAQ
183.17 $
0.18 %
GOOGL
116.63 $
-0.57 %
FRHC
53.49 $
-1.62 %
AAPL
164.92 $
0.03 %
TSLA
850 $
-2.44 %
NDAQ
183.17 $
0.18 %
GOOGL
116.63 $
-0.57 %
FRHC
53.49 $
-1.62 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұйықтаған сәтін күтіңдер: Сұлтанқызы алып қашудың құрбаны болған қыздарға ақылын айтты

Ләйлә Сұлтанқызы алып қашудың құрбаны болып, еркінен тыс өзгенің босағасын аттаған қыздарға көмектесуге дайын. Тлежүргізуші ежелгі салттың құрбаны атанған қыздарға өз ақылын айтты.

Ләйлә Сұлтанқызы

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Түрлі тақырыптағы ток-шоуларды жүргізетін Ләйлә Сұлтанқызы алып қашудың құрбаны атанған аруларды жиі кезіктіреді. «Тіпті, ежелгі дәстүрге қатысты кейбір жайттарды естісең еріксіз жағаңды ұстайсың», дейді ол. Соған қарамастан, Ләйлә ханым бұл салтқа түбегейлі қарсы емес екен.

“Алып қашудың соңы жақсы аяқталған оқиғалар да өте көп. Әрине, соңы сотталып жүрген жігіттер де өте көп. Сондықтан, алып қашудың өз түрі де бар ғой. Бізде келісіп алып қашып кетіпті, бір-бірін біледі екен десе, орынды. Онда тұрған ештеңе жоқ”, – дейді Сұлтанқызы.

Танымал тележүргізушінің бұл сөздерімен эстраданың нәзік жандылары мүлде келіспейді. Мәселен, әнші Айри үшін, бұл дәстүр – барып тұрған «жабайылық».

“Менің ойымша, қызды ата-ананың қолынан алу керек. Ол дұрыс емес, алып қашу деген. Маған жат нәрсе. Оны заңды түрде жауапкершілік арттырам осылай заңды түрде”, – дейді ол.

«Мені алып қашса, соттасамын» деген Айридің ұстанымын Зируза да қолдай кетті.

“Әрбір адамның өз құқығы бар. Сол себепті, махаббат арқылы келісіммен бірге тұрмысқа шыққан ол жақсырақ екі адамға да. Сол себепті алып қашу деген нәрсеге мүлдем кері қараймын”, – дейді Зируза.

Ал, егер арулар амалсызда, өз қалауынан тыс бөтен босағаны аттаса, Ләйлә Сұлтанқызының айтар кеңесі мынау:

“Ол жерде паника шығарып, бет жыртысып, ұрысудың еш қажеті жоқ. Бірінші түн енді бас салып қуғыншы келмейінше, бөлек қалдырмайды ғой жігітпен. Сол себептен, ұйықтаған уақытын тауып алыңдар. Ұйықтаған уақытта мүмкін қашуға әрекет жасарсыздар. Өйткені сіз бәсеңдетсеңіз қарсылығыңызды, олар сіздерге деген қадауғалауын төмендетеді”, – дейді Ләйлә.

Естеріңізге сала кетейік, Ләйлә Сұлтанқызы бұған дейін өзінен 12 жас үлкен күйеуі туралы айтқан еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр