Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетеуі көз жұмды: Үйлену тойына келген адамдар жаппай коронавирус жұқтырған

АҚШ-тағы Мэн штатында қарапайым үйлену рәсімі коронавирус инфекциясының өршуіне әкеп соқты. Нәтижесінде жеті адам көз жұмды. Мұндай деректерді Америкадағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығы ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұйым мамандары аймақтағы CОVІD-19 жағдайларын талдап, олардың барлығы осы штаттағы шағын қалалардың бірінде үйлену рәсіміне қатысқан адамдармен байланысты екенін анықтады. Тойға 55 адам қатысқан.

Дәрігерлер бірнеше күннен кейін осы тойдан келген бес қонақ температура мен құрғақ жөтелге шағымдана бастағанын анықтады. Олардың бәрінде коронавирус болған.

Салтанатты рәсімде адамдардың жалпы саны рұқсат етілген шектен асып, бетперде тақпаған және әлеуметтік арақашықтықты сақтамаған болып шықты. Кейінірек 55 қонақтың 27-іне коронавирус диагнозы қойылды. Ауру таралып, нәтижесінде штатта 177 адам коронавирус жұқтырған, жеті адам індет салдарынан көз жұмды. 

Талқылау