Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Дарханға ашулы едім": Сотталушы Азамат Тоқтаубаев тергеу кезінде жалған айғақ бергенін айтты

Фото: Видеодан скрин

Шерзат Полаттың өлімі бойынша сотталып жатқандардың бірі Тоқтаубаев Азамат сот алдындағы сөзінде сол түні сыртқа шықпағанда бұл жағдай болматынын айтып, мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сотталушы Тоқтаубаев Азамат сот алындағы тергеу кезінде Әскентай Дархан туралы жалған айғақ бергенін айтты.

“Әскентай Дарханнан не жағдай болғаны туралы сұрадым. Ол ұрып кеткенін айтты. Оған Нұрбол екеуің ауруханаға барыңдар деп айттым. Бірақ мен ешкімді іздемедім. Ол кезде Дарханның бетіндегі жарақатын қарадым. Мұнда мен Ғайыпбаев Нұрғанатты танымайтын едім. Оны Дарханның досы екен деп ойладым. Төбелес басталған сәтте Нұрқиясты Шерзаттың ұрып жібергенін көрдім. Кейін олардың арасына түсіп, ажыраттым. Қалиахметов Дидарды дүкенге келіп сауда жасауға келгені үшін ұрып жібермесін деп оны ұстап тұрдым. Дархан туралы берген екі жауабымды қолдамаймын. Ол ешкімді ұрмады, қолында ешқандай пышақ болған жоқ. Бұл жауапты бергенде Дарханға ашулы едім. Сөйтіп жалған жауап бердім. Бәрімізбен бірдей жауапқа тартылсын деп ойладым”, – деді Тоқтаубаев Азамат.

Айым Болатқызы
Жұма, 16 Мамыр, 2025 10:54
Талқылау