AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйіңіз бен көлігіңізден әп-сәтте айырылуыңыз мүмкін: Мамандар ХҚКО маңындағы "астыртын" көмекшілерден сақтануды ескертеді

Бейтаныс адамға сенем деп үй-жайыңыз бен көлігіңізден айырылып қалмаңыз! Халыққа қызмет көрсету орталығының маңында тегін қызметті ақшаға сататын "астыртын" көмекшілер жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеп.

Мамандар олар азаматтардың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы жеке деректерін иеленіп алады деп дабыл қағып отыр. Елорда тұрғындары болса, сырттағы көмекшілердің көбеюіне қызмет көрсету орталығындағылардың өздері кінәлі деп отыр.

Алаяқтар таңнан кешке дейін Халыққа қызмет көрсету орталығына кезекте тұрғандарға "анықтамаңды әп-сәтте жасап берем" деп өз қызметтерін пұлдайды. Асыққандар айтқанына көніп, жетегінде кетіп жатыр. Алайда әр азаматтың құжаттары құпия сақталатын электронды цифрлық қолтаңбаны бөгде біреуге сеніп тапсыру қиын.

“Олармен біз күресіп жатырмыз. ХҚКО ішінде өзіне өзі қызмет көрсету орны ашылған. Онда адамдарға көмектесеміз. Оларға жүгінген азамат өзінің ЭЦҚ-ны сеніп тапсырады. Ал ол барлық ақпарат арқылы өздері операция жасауы мүмкін. Үйге тіркеуі, т.б. Бұл дұрыс емес. Даладағы адамдарға жақындамауын өтінеміз”, –дейді халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Бауыржан Бектұрсынов.

Ал бас шаһар тұрғыны Павел Коханец "астыртын көмекшілердің" көбеюіне қызмет көрсету орталықтарының өздері кінәлі дейді. Өзі ондайлардың көмегіне жүгінуден жүрексінеді. Айтуынша, орталықтардың кезекті брондау жүйесі бірізді емес. Алдын ала жазылған күннің өзінде ұзын-сонар кезектен кіре алмай дал.

“Мен қызмет көрсету орталығына екі апта бұрын жазылғанмын. Алайда мында ұзын-сонар кезек. Маңайда жүрген бірнеше адам цифрлық қолдаңба жасап, үйге тіркеймін деп қасыма келді. Әрине, бұл адамдар ол қызметі үшін ақша алады. Бірақ мен өзіме ғана тиесілі құжаттарды бөтен адамдарға сеніп тапсыра алмаймын”, – дейді қала тұрғыны Павел Коханец.

Жалпы бүгінде 700-ден астам қызмет тегін көрсетіледі. Оның 90%-і электронды түрде жасалады. Яғни үйде отырып-ақ кез келген анықтамаға қол жеткізе аласыз. Алайда халыққа қызмет көрсету орталықтарының маңын торуылдаған "астыртын көмекшілердің" айтқанына сенетіндер көп. Салдарынан "интернет алаяқтардың" шырмауына түсіп қалуы мүмкін. Бейтаныс адам электронды цифрлық қолтаңбаны ашу арқылы кез келген азаматтың дербес деректеріне оңай қол жеткізе алады. Киберқауіпсіздікті зерттеушілердің айтуынша, тіпті атыңыздан онлайн несие рәсімдеуі де ғажап емес.

“Бір сөзбен айтқанда, сіз алаяқтарға өзіңіз туралы барлық ақпаратты беріп тұрсыз. "Астыртын көмекшілер" сіз туралы дербес деректерді жинай алады. Себебі электронды цифрлық қолтаңбаңызды олар өздері ашып бергендіктен барлық деректерді біліп отырады. Телефон арқылы өзін банк қызметкері немесе полиция ретінде таныстыратындар көбейді. Олар атыңызға несие рәсімдеп алуы да мүмкін. Сондықтан бейтаныс адамға құпия құжаттарды сенбеген жөн”, – дейді  киберқауіпсіздік бойынша сарапшы Иван Филко.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр