Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйінің қорасына апарып сүйе бастаған": Алматы облысында ер адам сегіз жасар қызды зорламақ болды

Алматы облысында 8 жасар қызды базбіреу зорламақ болған. Бірақ зәбір көрген қыздың куәлігінен кейін ұсталған азаматты прокуратура өкілдері қайтадан бостандыққа жібере салыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

2 тамыз күні Приозерск саяжайы қауымдастығында  8 жастағы Софияны көрші саяжайдың тұрғыны зорламақ болған. Содан бері тұрғындар тұрмыстық тіршіліктерін ысырып тастап, балаларын күзетуге кіріскен.  

"Балалардың барлығы қазір бақылауымызда. Көрші көшеге жіберсек те соңынан хабарласып, аман-есен жеткенін сұрап отырамыз. Софияның жағдайынан кейін барлығымыз қорқып қалдық", - дейді Приозерск саяжайының тұрғыны Елена Иванова.

Құрбыларын іздеп шыққан қаршадай қызды арам ойын іске асырғысы келген азамат дәл осы жерден ертіп әкеткен. Бейкүнә бала соңынан еріп үйіне дейін бірақ барыпты. Алайда, қираған қораның ішіне кіргенде өзінің мүлде басқа жаққа келген түсінген. Әбден шошып үйіне келген Софияның өңі қашқанын  әпкесі байқаған. Анасының айтуынша, ер адам жеткіншекті үйінің қорасына апарып сүйе бастаған. Жеткіншек  айғайлауға тырысқанымен, оны қорқытып, дыбысын шығартпаған екен. Киімдерін шешіп, өзінің ойына келгенін істемекке оқталып, кенет босатып жіберіпті. 

Тұрғындар прокуратура өкілдерінің күдіктіні бостандыққа жібере салғандығына наразылықтарын жеткізді. Тергеу ісі аяқталмай үйіне келген азаматтың тағы бір іске баруынан қорыққан. Бірақ бүгін Алматы облысының ішкі істер департаментіндегілер күдіктінің қайтадан қамауға алғанын жеткізді.

Талқылау