Үйіне аңдып келді: Оралда көршілер ер адам шабуылдаған оқушыны құтқарып қалды
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында оқушыға шабуыл жасады. Қауіпсіздік камерасы оқиғаны жазып алды.
Оқиеға 13 ақпанда болды. Белгісіз біреу подъезде қызға шабуылдады.
Видеодан қолында сөмкесі бар ер адамның мектептен үйге қайтып келе жатқан қызды аңдып жүргені байқалады.
Жолда ол сөмкені жерге қойып, мектеп оқушысының артынан жүреді.
Бейне ғаламторда жарияланды. Видео авторының айтуынша, подъездің есігі жабылғаннан кейін ер адам қызға шабуыл жасаған. Бала айқайлай бастады, көршілер шуылдап жүгіріп, қызды құтқарды, деп жазады Уральская неделя.
Бұл ақпарат Батыс Қазақстан облысының полиция басқармасында расталды.
Ер адам баланы қорлағаны үшін ұсталғандығы айтылады. Қазір ол уақытша тергеу изоляторында.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн