Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Үйге масқара етіп әкеп тастады”: Түркістан облысында бес баласы бар әйел жігіттерді алдап, тұрмысқа шықпақ болған

Түркістан облысында Захида есімді келіншек тұрмыста бола тұра жас жігіттерге тұрмысқа шықпақ болған. Оны қайын жұрты осылай деп айыптады. Ал келіншек бұл әрекетін өзі түсіндіруге тырысты. 

Бұл туралы “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтылды.

Захида есімді келіншек 21 жасында тұрмыс құрған. Өзбекстанда туып-өсіп, медбике болып жұмыс істеген қыз зорлықпен тұрмысқа шыққанын айтады. 

“Менің өз отбасым нашар тұрды. Өзіміз 4 баламыз. Мен үлкенімін. Медбике болып жұмыс істеп жүргенімде мені қазіргі күйеуіммен таныстырды. Әпкем тұрмысқа шық деп қоймады. Мен күйеуіммен сөйлесіп едім, ол маған жауап бермеді. Не атын айтпады. Не жылын айтпады. Мен оған тұрмысқа шыққым келмеді. Бірақ мені зорлап алып қалды. Алып қашып алды. Мен 12 жыл бау-бақша қарадым. Малға қарадым. Ауыр жұмыс істедім”, – деді ол. 

Енесінің айтуынша, ұлы 8 жасына дейін сөйлей алмаған. Ит қапқаннан шошынып қалып, біраз уақытқа дейін тілге келмеген. Ал дәрігерлер мүгедектік бергенімен, есі дұрыс деп ақтады.

Захиданың сөзінше, бес баласын өмірге әкелген. Алайда бала-шағасын бағу мақсатында оған қара жұмыс істегенін айтады. Ауылда медбике болып ақша тапқан. Кеденнен зат тасып, азық-түлік алған.

“Мен шаршап үйге келсем, енем мені жезөкшелік қылып келдің бе деп қарсы алатын. Солай ақша тауып келдің деп айыптады. Мен оған ешнәрсе айтқан емеспін. Мен бала-шағам үшін жүрдім. Күйеуім ұрып-соғатын. Шыдай алмай кетіп қалдым. Үш жыл бұрын намаз оқып бастадым. 1 жыл бұрын кетп қалдым”, – деді ол.



Енесі оның 2017 жылға дейін жақсы жұмыс істегенін, одан әрі қарай жүрісі өзгергенін айтты. 

“Ол бастапқы жылдары жұмысын істеп жүрді. Кейінгі кездері жүрісі өзгеріп кетті. Кеш келеді. Төркініме кеттім деп 10 күн жоғалады. Қайда жүргенін білмейміз. Өз қыздарының атын айтып, жас жігіттермен танысады екен. Екі рет үйге қайтып келді. Екі рет жас жігіттерге тұрмысқа шықпақ болған. Беташар жасатқан. Бізге хабар айтып, қыздарыңызды алып қалдық, келін еттік деп хабарласты. Олар күйеуі, бес баласы барын білген соң үйге масқара етіп әкеп тастады. Кешірім сұрады. Тіпті тойға кеткен ақшаны қайтарыңдар дегені де болды. Захиданың жүрісі көп болып кетті. Өтірік көп айтады. Өз баласын да жігіттерге інім деп таныстырады екен”, – дейді Захиданың енесі.

Захиданың бұл әрекетін сол кездегі суреттері мен видеосы дәлелдегенімен, өзі есімде жоқ деп ақталды. 

“Мен бұл кезді мүлде білмеймін. Есімде жоқ. Жігіттің кім екені де, аты да есімде жоқ. Не үшін олай істегенімді білмеймін. Ешнәрсе айта алмаймын. Менің есімде ешнәрсе жоқ”, – деді ол.

Сарапшылардың бірі оның жалған айтып тұрғанын айтып айыптады. Енді бірі психологиялық тұрғыда миына зақым келген десе, енді бірі дуаның әсерінен адам ессіз күйе жүруі мүмкін деп ақтады. Енді бірі дәл осы кезін ұмытып, басқаның бәрінің есінде қалуы мүмкін емес жағдай деп сенбеді. 

Алайда Захида бес баласын да күйеуі Бақытжаннан туғанын айтады. Оны ДНҚ сараптамасымен дәлелдеуге дайын. 

Талқылау