Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстандық миллиардер қызына жар таңдау үшін кастинг жариялады

Қырғызстандық миллиардер Шаршенбек Әбдікерімов күйеубала таңдау үшін кастинг жасады. Ол үлкен қызын лайық азаматқа жар етпек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kaktus.media сайтына сілтеме жасап.

Депутаттыққа үміткер, миллиардер Шаршенбек Әбдікерімов Нарын облысы Ат-Башинск ауданында кастинг жасамақ. Кастинг арқылы қызына лайықты азамат таңдамақ. Кастинг 19 қараша күні өтеді. 

Кастинг хабарландыруында мекенжай толық көрсетілген. 

Кастингке ниет білдіріп қатысушылар саны көп. Миллиардер азаматтың қызының қолын сұрап барғандар да жетерлік. Тіпті көрші ел азаматтары да дайын отыр.

Бір қызығы, басылымға жариялауды Шаршенбек Әбдікерімовтің сайлау қорынан оның қаржы мәселелері жөніндегі уәкілетті өкілі Бақтияр Тұраров төлеген.

Айтпақшы, депутаттыққа үміткердің қызы кастинг туралы есеп бермеген. Қырғызстанның Қылмыстық кодексінде адамды некеге тұруға мәжбүрлеу бабы бар. Онда 220 мың сомға дейін айыппұл немесе екі жыл алты айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Әбдікерімов Шаршенбек Шайлообекұлы – ҚР VI шақырылымының депутаты (Қырғызстан), көп салалы "Аю Холдинг" компаниясының негізін қалаушы. 

Талқылау