"Үйге камера орнату керек": Меруерт Түсіпбаева бірнеше жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің жағдайына алаңдады
ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева 17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Айта кетейік, Түркістан облысына қарасты Шілік ауылында 27 жастағы Құндыз бен 33 жастағы Назгүл есімді қыздарды аға-жеңгесі құлдықта ұстап, жылдар бойы қорлап келген еді.
“Талай жыл құлдықта болған екі арудың он екі де бір гүлі ашылмай қойды-ау. Өткенде Руслан Өтепбай арнайы барып, жағдайларын сұрап, “арықтап кетіпсіңдер” деп алаңдаған еді. Сұхбат барысында маған күтуші әйел ұнамады. Суайт сияқты көрінді. Руслан қайта-қайта жағдайларын сұрай берді. Енді міне, ашық түрде қыздардың етегін ашып, дарақыланып, құпиясын жұртқа жайып салды. Дүйім жұрт оны көріп отыр. Не айтамыз?! Бұл үйге камера орнату керек шығар?! Жабық есіктің ар жағында не болып жатыр?!”, – деп жазды әнші.
-
"Күтім мен жылы қабақ керек": 17 жыл бойы құлдықта болған апалы-сіңлі қыздар адам танымастай өзгерді
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, ата-анасыз қалған қыздардың өмірін қызу талқылап жатыр.
“Неге бұтын шешіп камераға түсірді. Нені дәлелдемекші?!”, “Мына әйел таза емес, Ілияс екеуі бірдеңені жасырып жүрген сияқты”, “Осы әйелге келгенге дейін ондай нәрселерін естімедік, мына әйелге менде сенбеймін! Руслан бауырымның өзі Алматыға алып кетіп өткендегі қараушы әйелді қайтадан алу керек”, – деп жазды көпшілік.