Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйдің іргетасын қалауға да жетпейді": Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат бөлінді

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы көлемі есептелді. Халық мұны екі ай бойы күтті. Жалпы сома 127 миллион теңгеден аса қаражатты құрады. Әкімдік резервтен ақша бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп хабарлайды.

Тұрғын Ақбота Оразова, видеодан скриншот

“100 мыңнан астам теңге бар, 4 миллионға дейін жететін сомалар бар. Жиһаз бұл сомаға кірмейді. Тұрмыстық техника кірмейді. Тек қабырғалар, едендер, шатырлар”, – дейді Асхат Шахаров, Ақтөбе қаласының әкімі.

Жалпы, шенеуніктердің мәліметінше, көктемгі су тасқыны кезінде Ақтөбенің өзінде және оның шетінде 142 үй су астында қалған. Зардап шеккендердің көпшілігі қала маңындағы елді мекендердің тұрғындары.

Бүгінде олардың 22-сінің баспана алуға құжаты жоқ, сондықтан өтемақы да ала алмайды. Бірақ шенеуніктер бәріне көмектесеміз деп уәде беріп отыр. Тұрғындарға жылжымайтын мүлікті тіркеуге уақыт беріледі.

Содан соң демеушілер қолдауын іздестіруге уәде беріп отыр. Ал, шатырсыз қалған алты отбасы уақытша баспана ретінде берілген студенттік жатақханада екі ай бойы тұрып жатыр.

Тұрғындар уәде етілген өтемақыны есепшотқа түсуін күтіп отыр. Шенеуніктердің айтуынша, қаражат келесі аптада түседі.

“Үйіміз толығымен қирап қалды. Төбесі опырылып, іргетасы жер астында қалды. Қалпына келтірудің мәні жоқ. Бірақ бізде бар болғаны бір миллион 200 мың теңгеге жуық ақша есептелді. Бұл тіпті жаңа іргетас қалауға да жеткіліксіз. Әрі қарай қалай өмір сүретінімізді білмеймін”, – дейді көп балалы ана Ақбота Оразова.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 08 Маусым, 2022 07:34
Талқылау