Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйді жалға алушылар қомақты ақша жатқан ескі диванды лақтырып тастады

Мәскеуде пәтерлердің бірінде жалға алушылар үй иесінің қомақты қаражат салынған ескі диванын лақтырып жіберді. Жиһаздың ішінде 300 мың рубль болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Жағдайды полиция тексеріп жатыр. 

"Полицияға Бейбітшілік даңғылындағы пәтер иелерінің бірі жүгінді. Оның айтуынша, тұрғын үйдің бір бөлмесін жалға алғандар әйелдің ескі мүлкін жаңа диванға ауыстырмақ болған. Алайда оның ішіне 52 жастағы әйел 300 мың рубльге жуық ақша сақтаған", – деді ақпарат көзі.

Әйел пәтерге көшіп келгендердің бұл әрекеті туралы бірнеше сағаттан кейін білген. Алайда жиһазды қоқыстан таба алмады. 

Мәскеудегі ішкі істер министрлігінің өкілдігі 1968 жылы туған әйелдің ақша жоғалтқанын айтып, арыз жазғанын растады. Тексеру жүргізіліп жатыр.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 06 Қыркүйек, 2021 09:56
Талқылау